33
Пайғамбарлар парасаты
Сірә,халықарасындағыбатырлықтысуреттейтін
«Отқа салса күймейтін, суға салса, батпайтын» деген
теңеу осындай пайғамбарлардың ақиқатынан аңызға
айналса керек.
Күнәдан тазарған кінәлі
Аллаһ тағала Мұса пайғамбарға қаратып: – «Әй,
Мұса! Пәлен деген жерде бізге дос адамдардың біреуі
қайтыс болды. Сен барып соныңжұмыстарын реттестір.
Сен бармасаң да, біз оны бәрібір мейірімнен құралақан
қалдырмаймыз», – деп бұйырды.
Мұса (а.с.) айтылған жерге барды. Сол жақтың
кісілерінен: – Бүгінгі түні Аллаһ тағалаға жақын, има-
ны берік жандардан кім көз жұмды? – деп сұрады. Бірақ
ел оған: – Ей, Мұса пайғамбар! Аллаһ тағаланың досы
еді дейтіндей ешкім қайтыс болған жоқ. Тек пәлен
үйдегі өмірін жаманшылықпен өткізген, бұзылған бір
жас жігіт қана көз жұмды. Жиіркенішті қылықтарына
қарап оны көмуге де ешкім жолар емес, – десті.
Мұса (а.с.): – Ендеше, менің іздеп жүргенім сол
жігіт, – деді де, елдің жөн сілтеуімен жігіттің үйіне
барды. Мұса пайғамбар үйге кірген кезде үй толы
періштелерді көрді. Олардың әрқайсысықолдарындағы
табақтан Аллаһ тағаланың мейірім-шапағаты мен
кеңшілігін, рақымдылығы мен мейірбандығын молы-
нан жан-жақтарына шашып жүргенін көріп таңданысы
тіптен артты. Бұны көрген Мұса пайғамбар Аллаһ
тағалаға жалына - жалбарына тіл қатты:
– Уа, Жаратқан Хақ тағала! Сен ол жігітті «Менің
досым» деген едің, алайда ел оның бұзылған, жаман