Previous Page  29 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 208 Next Page
Page Background

29

Пайғамбарлар парасаты

Әлгі кісі бойын билеп алған үрейден әліде арыла

алмаған кейіпте: – Бүгін ертеңгісін дәл қарсы алдымнан

өңі сұсты Әзірейілді (а.с.) көрдім. Маған тесіле қараған

күйі алыстай берді. Шамасы, менің жанымды алуға ни-

еттенген секілді, – депті жан-жағына жалтақтап.

– Сонда менің не істеуім керек? – деп сұрапты

өлімнен мұнша қорыққан әлгі бейбаққа көз тастаған

патша-пайғамбар Сүлеймен.

– Сізден бір көмегіңізді өтінем, – депті сонда әлгі

кісі сөзін жалғап, – Сіз – аң-құс біткеннің тілін білетін,

жан-жануар, тау-тасқа әмірі жүретін үлкен патшасыз.

Қолыңыздан бәрі де келеді. Желге айтып, мені сонау

Үндістанға ұшырып апарып жеткізуін бұйырыңызшы,-

депті жалына, – мүмкін сол кезде жан алғыш Әзірейіл

менен көз жазып қап, өлімнен құтылармын.

Сүлеймен пайғамбар жыламсырап тұрған әлгі

адамға жаны ашығандықтан, желді шақырып, оны

Үндістанға апарып тастауын бұйырыпты.

Жел патша жарлығын екі етпестен құйындатып

ала жөнелген күйі жаңағы адамды бірден Үндістандағы

жапан бір аралға апарып тастапты.

Түске қарайқарамағындағыларменжиналыс құрып

отырған Сүлеймен келгендер арасынан Әзірейілді де

байқап қалыпты. Бірден қасына шақырып алып: – Ей,

Әзірейіл! Сәске кезіндегі әлгі бейбақтың жүрегін алып,

сонша қорқытқаның не? Неге алайып қарадың? – деп

сұрапты.

Сонда Әзірейіл (а.с.): – Уа, әлемнің баға жет-

пес патшасы! Мен оған сұс көрсетпедім, тек таңғала

қарадым. Өзі қорқып кеткен болар. Мен оның осы

жақта жүргеніне таңырқаған едім. Өйткені Аллаһ