27
Пайғамбарлар парасаты
Екі қыздың оразасы
Пайғамбарымыз бір күні сахабаларына ораза
ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту
жасады:
– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім де ауыз аш-
пасын!
Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш
түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып
жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:
– Уа, Расулаллаһ! Екі қызым да күні бойы ораза
ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат
сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ау-
ыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.
Алайда Пайғамбарымыз оған рұқсат бермеді.
Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші
рет келгенде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Өкінішке орай, олар бүгін ораза ұстаған жоқ..
Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек
айтып, ғайбат сөйлеген) адам қайтіп ораза ұстасын?!
Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары
рас болса, дереу құсып асқазанындағының бәрін
шығарсын, – деді.
Әлгі
кісі
қыздарына
Пайғамбарымыздың
айтқандарын айна қатесіз жеткізді. Олар пайғамбары-
мыздың бұйрығын дереу орындап, өздерін күштегенде
кесек-кесек қан құсысты. Әлгі кісі келіп бұл жайды
Пайғамбарымызға айтқанда, ол:
– Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер
олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамай, асқазанда сол
күйі қалып кеткенде Тозақ отына отын болар еді, –
деді.