23
Пайғамбарлар парасаты
Абдуллаһ ибн Жафер (р.а.): «Расуллаһ сапардан
қайтқанда немерелері Хасан мен Хұсейн алдынан
жүгіріп шығатын. Ол бірінші жеткенін алдына, екінші
жеткенін артына мінгестіріп Мәдинаға алып кіретін».
Махмұд ибн Рәби бес жастарында Пайғам-
барымыздың бір тостағаннан аузына су толтырып
үстіне бүріккендігін айтады. Бұл Расулалланың ба-
лалармен ойнауының, кейде оларды ойнатуының бір
көрінісі.
Ялла ибн Мүррә Расулаллаһтың бірде қонаққа
бара жатып, жолда балалармен ойнап жүрген немересі
Хұсейннің де ала кетпек болғандығын, бірақ Хусейннің
атасын көргенде қашып, Расулаллаһтың оның артынан
бала секілді қорбаңдап жүгіріп, қуғанын айтқан.
(Ибн
Мажә, Мұқаддима, 11).
Хазірет Пайғамбарымыздың немерелерінің бірін
сүйіп жатқанда, оны көрген Акра ибн Хабис: «Менің
он балам бар, ешқайсысын да әлі маңдайынан сипап
көрген емеспін» дегенде, Пайғамбарымыздың оған:
«Сен басқаға мейірбандық көрсетпесең, саған да Аллаһ
мейірбандық көрсетпейді» - деп жауап бергені айтыла-
ды.
(Әбу Хурайрадан)
Сол секілді Мәдиналық біреудің: «Менің бір балам
бар. Балиғатқа толды. Сонда да әлі бір рет те иіскеп,
сүйіп көрген емеспін» дегенде, Пайғамбарымыздың
оған: «Аллаһ тағала жүрегіңнен сүйіспеншілікті алып
тастаса, мен не істейін (менің кінәм не?)» деп жауап
бергенін айтқан.