19
Пайғамбарлар парасаты
Әлгі кісі: – Болмайды, – деп үзілді-кесілді
келіспеді.
– Онда маған сыйлашы, – деп өтінді.
Әлгі кісі тағы да:
– Болмайды, – деді.
– Ондамағанберіп, орнынаЖұмақтыққайтарымын
ал, – деп ең бір бағалы ұсыныс жасап еді, бұл жолы да
әлгі кісі сазарған қалпы:
– Болмайды, – деді.
Сонда Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Сәлемдесуден қашатын кісілерді қоспағанда
(бүгінге дейін) сенен өткен сараң адам көрмеппін, –
деген еді кейіп
1
..
Кедейдің кемеңгерлігі
Аллаһ тағаланың сүйікті құлы пайғамбарымыз
Мұхаммедті
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір топ кісілер қаума-
лай отырысып, алқа-қотан әңгіме-дүкен құрып отыр-
ды. Бір уақытта үстіндегі киімі жұпынылау бір кедей
мұсылман есіктен бас сұқты. Ислам әдебі бойынша
қонақтардың үстінен түскен адам өзіне арнайы орын
таңдап жатпастан табылған орынға отыра кетуі керек-
ті. Ол да соның ыңғайымен отырғандарды асығыстау
көзімен бір шолып, бостау тұрған бір орынға жайғаса
кетті. Алайда бір қызығы – ол тұс бай біреу отырған жер
болатын. Кедей келіп қасына отырғанда, онымен қатар
отыруға намыстанған әлгі бай қымбат шапанының
етек-жеңін жиыңқырап ұстаған күйі аулағырақ барып
басқа орынға отырды. Оның бұл қылығынжақтырмаған
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
1
Имам Ахмед пен Бәззар радиаллаһу анхумадан