Previous Page  20 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 20 / 208 Next Page
Page Background

20

Тағылым тамшылары

– Немене, кедейлігі жұғып кетеді деп қорықтың

ба? – деді байға қарап.

Ол:

– Жоқ,- деді.

Пайғамбарымыз тағы да:

– Жоқ әлде ырысың ауып кетеді деп қорықтың ба?

– деді.

Ол болса:

– Я, Расулаллаһ, ондай да ойым болған жоқ, – деп

ақталғансыды.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

– Онда неге аулағырақ барып отырдың? –

деп сұрағанда, ол өзінің үлкен қателік жасағанын

аңғарып:

Менен бір ағаттық кеткен екен. Оны мойындай-

мын. Осы қателігімді жуып-шаюды ниет етіп, бар

байлығымның тең жартысын осы мұсылман бауырыма

бағыштасам деймін. Сірә, кемсітті деп көңліне қатты

алып қалған шығар. Мені кешірсін, – деп жаңағы кедей

мұсылманнан кешірім сұрамақ болды.

Алайда кедей мұсылман болса күтпеген жерден:

– Я, Расулаллаһ! Маған оның байлығы керек емес,

– деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді.

Бұған отырғандардың бәрі таңғала неліктен

екендігін сұрағанда, ол:

Өйткені мен де байлықтың буына мастанып,

мына отырған бай секілді күндердің бір күні жағдайы

өзімнен төмен мұсылман бір бауырымның көңліне

кірбің түсіріп алам ба деп қорқамын, – деп, өзінің нағыз