Previous Page  15 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 15 / 208 Next Page
Page Background

15

Пайғамбарлар парасаты

– Ей, Үккаша! Біздің Пайғамбар немерелері

екендігімізді білесің, одан алмақ болған өшіңді бізден

алғаның жарасады. Өтінеміз, одан да бізді ұр! – десті.

– Уа, менің көзайым немерелерім! Орындарыңа

отырыңдар! – деді Пайғамбар оларға да, сөйтті де

Үккашаға бұрылып: – Әй, Үккаша! Мені шындап

ұрғың келсе, кәне ұр! – деді. Үккаша: – Я, Расулаллаһ!

– деді тайсалмастан: – Сіз ұрғанда мен жалаңаш бо-

латынмын. Мен де сізді ұрарда денеңіздің жалаңаш

болғанын қалаймын, – деді.

Сүйікті Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

екі

сөзге келместен бірден жейдесін шешті. Сөйтті де: –

Кәне, ұр! – деді, – қалағаныңша ұр!

Бұны көрген мешіттегі бар сахабалар көңілдері бо-

сап жылады. Жейдесін шешкенде Пайғамбар денесінің

сүттей аппақтығына отырған жұрт таңғалысты.

Арқасында тумысынан Аллаһ тағаланың берген сыйы,

елші екендігінің хақ дәлелі – қал тәрізді Пайғамбарлық

мөрі де көзге оттай басылды. Алайда дәл осы сәт еш

күтпеген тосын жайт болды. Міне, қызық! Қамшымен

ұрады деп күткен Үккаша барған бойы Пайғамбар

арқасындағы сол мөрді құшырлана сүйіп-сүйіп алма-

сы бар ма?!

Сөйтті де: – Уа, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі!

– деді: – Сіздей адамға кім қол көтерсін?! Бар арма-

ным: сіздің арқаңыздағы Пайғамбарлық қалыңызды

бір сүю болатын. Сол арманыма бүгін жеттім. Мен

бақыттымын! Аллаһ тағала енді сіздің құрметіңізге

бола мен бейбақты тозақ отына қия қоймас!

Отырған

жұрт

тебірене

теңселіп

кетті.

Пайғамбарымыз да қатты толқыды. Қуанышты жүзбен

көпшілікке көз тастаған Пайғамбарымыз: