10
Тағылым тамшылары
төлермін деген оймен оларға деген көмегін еш аяған
емес.
Адам баласына деген қызметті оның қашанда
бірінші орынға қоятыны осыдан-ақ байқалатын еді.
Әлгі бейбақ бұны ести сала, қуанышы қойнына
сыймастан қала ішіндегі базарға бет алды. Бір жағынан,
өзіне керекті алатын нәрселерін де ойша елестетіп бара
жатқан күйде еді.
Бұл жайдың куәсі болған Омар (р.а.) мұншалықты
жанашырлық пен мейірбандықтың көрсетілгенін іштей
аса құптамады. Ақыры, өзін іштей мазалаған ол ойын
айтпай да тұра алмады: – Я, Расулаллаһ! Сіз шама-
шарқың жететін нәрсеге ғана жауапты емессіз бе?!
Қолыңыздағы дүниенің бәрін жұртқа түгін қалдырмай
таратып бердіңіз. Мейлі ғой, бар болса берерсіз, жоқ
болса, өзіңізді белшеден қарызға батырып, біреуді
жарылқаудың не керегі бар еді?! Бұл артықтау болды-
ау деймін!
Пайғамбарымыздың бұл айтылғанды іштей
жақамағандығы оның жүзіндегі күлімсіреудің
байқалмағандығынан сезілді. Әйтпесе, ол дәл сол
уақытқа дейін өте бір қуанышты күйде еді. Жүзінен
жылылық пен күлімсіреудің табы ешқашан байқалмай
қалған емес-ті.
Сөйткенше болмай қастарындағы тағы бір адам
сөзге араласты: – Уа, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі!
Омарды тыңдап қайтесіз, сіз одан да қолдан келген-
ше жақсылық жасап, жұртқа беруіңізді тыймағайсыз,
Ғарыштың Егесі сізді қараусыз қалдырмас!