7
І БӨЛІМ
ПАЙҒАМБАРЛАР ПАРАСАТЫ
Мәрттік
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
бар арман-тілегі мен мақсат-мұраты – адамзат
атаулыдан өзіне көрсетілген қызмет емес, керісінше
өзінің адамзатқа тигізер жәрдемі мен қызметі бола-
тын. Сондықтан да болар, қолына не нәрсе түссе де,
мұң-мұқтажға таратып беріп, өзі кимесе де өзгені
киіндіріп, өзі ішпесе де өзгеге ішкізіп, қарамағындағы
адамдардың сәл де болса қуанғанын көруді өзіне зор
қуаныш, үлкен бақыт деп есептейтін.
Бұл жолы да қолына келіп қалған дүниені зәру
жұртқа таратып бермек ниетпен ел арасына шабарман-
дар жүгіртті.
Мәдина көшелерімен жолға түскен шабарман-
дар: – Уа, халайық! – деп жар салысты, – Аллаһтың
ардақты пайғамбарыМұхаммед мешіт алдында мұқтаж
адамдарды күтуде. Күнкөріс тапшылығын тартқандар
мен өте кедей көмекке зәру жандар өз үлестеріне ти-
ген көмекті алсын. Ешкім де бұл көмектен мақұрым
қалмасын!
Сәлден кейін-ақ мешіт алдына көп бейнет көріп,
тұрмыстың қыжалатын тартқан, көмекке зәру жандар
жиналды. Бірақ олар бұл жолы тым көңілді. Өйткені
біріне тартсаң біріне жетпей, зар ғып келе жатқан