Previous Page  12 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 208 Next Page
Page Background

12

Тағылым тамшылары

өткізіп, имандылық пен ақиқат жолына бастау арқылы

халықтың ыстық ықыласына бөленген ол тіршілігінде

бір құмырсқа екеш құмырсқаны да ренжітпейтіндей

өте кішіпейіл, қайырымды болатын. Ол өмірінің соңғы

сәттерінде мұсылмандар арасында жіберген қателігі

болса кешірім сұрап, бақұлдасып қалуды жөн көрді.

Осы ниетпен бір күні Біләлге азан айтқызып,

жұртты мешітке жинауын өтінді. Пайғамбар сөзін екі

етіп көрмеген Біләл (р.а.) дереу мұнараға шығып, зор

даусымен азан шақырды. Әуезді азан даусын естір-

естімес Мәдиналығы бар, Меккеден көшіп келгені бар

– барлық мұсылмандар мешітке аяңдап жинала баста-

ды. Сәлден кейін-ақ мешіт іші лық толды.

Сүйікті Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сахабаларға екі рәкат намаз оқытқаннан кейін мінберге

шығып сөз бастады. Алдымен Аллаһ тағалаға шүкір

етіп мақтау айтты. Артынша бүкіл елдің ет жүрегін

езілтіп, жан-жүрегін тебіренткен, еріксіз көздеріне жас

алғызып, тұла бойын шымырлатқан хұтбасын оқыды.

Хұтба соңы анық-анық айтылған мына сөздерге

ұласты:

«Ей, мүминдер! Мен сендердің пайғамбар-

ларыңмын. Өмір бойы ізгілікке үгіттеп, тынбастан

бәріңді де Аллаһтың ақ жолына шақырумен келдім.

Жақсылықты насихаттауда бір ғана Жаратқанның

жәрдеміне арқа сүйеумен болдым. Сендерді қызғыш-

тай қорғадым. Қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға

шоқтырмауға тырыстым. Сендерге қолымнан кел-

генше бір әкедей-ақ мейірімділік таныттым. Мұң-

қайғыларыңды да бірге арқаладым...