13
Пайғамбарлар парасаты
Ал енді сендерден сұрарым: осынша жыл біргеміз,
менде ақысы кеткен жан араларыңда бар ма? Ақысы
кеткенің бар болса, Құдай үшін, Қиямет күніндегі
есепке қаратпастан дәл қазір менен ақысын алсын!».
Бұл сөзді естігенде көңілдері өрекпіп, көздеріне
жас үйірілген сахабалардың ешқайсысы да тікелей
Пайғамбарға барып «Сізде менің ақым кеткен» демеді.
Сұрақ екі-үш рет қайталанғанда ғана сахабалардан
Үккаша орнынан тұрып Пайғамбарымыздың қасына
барды. Сөйтті де сөз бастады: – Уа, Аллаһ тағаланың
сүйікті елшісі! Сіз үшін әке-шешемнің де жаны пида!
Құдай үшін деп бірнеше мәрте қайталағандықтан
айтпасқа лажым жоқ, сізде менің ақым кеткен еді, –
деді де болған оқиғаны былайша баяндады:
– Я, Расулаллаһ! Бір күні сізбен бірге соғысқа
қатыстым. Шайқастың қызған кезі еді. Бір уақытта
қалай екенін қайдам, мінген түйелеріміз бүйірлесіп
қатар келіп қалыпты. Мұным ұят болды ма, қой
кешірім сұрайын деп түйемнен түсіп имене жақындай
бергенім сол еді, арқамды қамшыңыз осып түсті. Я,
Расулаллаһ, сол жолы сіз әдейі-ақ мені қамшымен тар-
тып жібердіңіз бе, жоқ әлде, байқамастан болды ма сол
жағын әлі күнге ажырата алмай келемін...
Бұны естігенде Пайғамбарымыз:
– Ей, Үккаша! Сені қайтіп әдейі ұрайын,
байқамастан болған ғой, – деп кешірім сұрайды да ар-
тынша Біләлді қызы Фатиманың үйіне барып дәл сол
жолғы қамшыны әкелуге жіберді.
Біләл (р.а.) мешіттен шыққан бойы бірден Фатима-
ның үйіне бет түзеді. Бір жағынан Пайғамбардың қалай