8
Тағылым тамшылары
үйге керекті заттардың, ең болмаса, біршамасына қол
жеткізу мүмкіндігі туып тұрған еді.
Расында
да,
өздері
ойлағандай
болды.
Пайғамбарымыз келген жұртты жалпылама бір шолып
шығып, қолда бар затты бәріне бірдей ғып үлестіре
бастады. Бұл іске іштей өзінің де қуанышты екендігін
елге ерекше бір жылы жүзбен қарап, күлімсіреуімен
аңғартты.
Иә, ол қуанышты болатын. Өйткені, ол үшін
өмірдегі ең үлкен қуаныш – басқалардың қажетіне жа-
рау, қиналғандарға қол ұшын беру, халыққа қалтқысыз
қызмет ету. Ал мына сәт – сол бір тәтті қуанышқа ке-
нелген, халықтың игілігіне жарап, барынша қызмет
көрсеткен, жарлы-жақыбайлардың мұң-мұқтажын
елеп, шамасы жеткенше қол ұшын созған сондай бір
қимас сәт.
Ақыр соңында, қолындағы дүниелер де таусылды.
Кедей-кепшіктердің де аяғы саябырсыды. Дәметіп кеп,
дәнемеге қол жеткізе алмай қалған ешкім болған жоқ.
Демек, ішкі есептің дұрыс шыққандығы.
Бірақ сол мезет сонадай жерден өзіне қарай асыға
ентігіп жүгіріп келе жатқан бір бәдәуи қартты көзі
шалды. Қарсы алдына келіп, аз демін алғаннан кейін
бәдәуи былай деп тіл қатты: – Сіз көмек таратып жа-
тыр дегенді естіп жүгіре жеткенімше үлгермегенімді
қарашы?! Менің-ақ, әйтеуір, ісім өмірі өрге басып, жо-
лым болып көрген емес..
Әлгі кедей байғұс онсыз да тағдырдың өзін өмірі
кисе киімге, ішсе асқа жарытпағаны аздай, енді бұдан
да тіс татырмай қаққанына налығандай кейіпте бола-
тын. Айтуына қарағанда, керекті қыжалаты да біршама