4
Тағылым тамшылары
қазақ тіліне көптеп аудару арқылы халықтың сана-
сына сәуле құйып, өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесін
қалыптастыруда үлкен үлгі-өнеге ошағының кірпішін
қалаған болатын. Сол бір сара жолды дамытып күні
бүгінге дейін әр түрлі жанрда көптеген аударма-
лар жарық көрді. Ал мына көзі қарақты, көкірек көзі
ояу оқырман қауымға енді ғана жол тартып отырған
еңбектің бірқатар өзіндік ерекшелігі, бөлекше бет-
бедері бар.
Біріншіден, бұл жай ғана аударма еңбек деуге
келмейді. Себебі кітап мазмұны терең дидактикалық
әрі ойшылдық (пәлсапалық) һәм тақуалық тәмсілдерге
құрылған.
Екіншіден, бұл – 70 жылдық соцреалистік жат-
танды тәрбиешілдік пен көбіне жасанды көркемдікке
құрылған дүниелерден жалыққан жаңа заманның
рухани сұранысынан туған еңбек. Жай ғана руха-
ни сұраныс емес, дәл бүгінгі қоғамдық ахуалды шын
мағынасындағы рухани серпілістің бастауы десек те
болғандай. Неге бұлай ой топшылап отырғанымыздың
мәнісіне кітап мазмұнымен танысу барысында көз
жеткізерсіздер деген сеніміміз бар. Себебі, біз бұл
ғибратты тәмсілдерді таңдауда, аударып құрастыру
барысында шығарманың атынан гөрі затына, сыртқы
пішінінен гөрі ішкі мазмұн байлығының тереңдігіне
(идеясына) басты назар салдық. Кітап төрт тараудан
тұрады. Осы орайда, тілге орамды, ойға ықшамды, бе-
рер ғибраты мен даналығы мол шағын әңгімелердің
халық талғамында алар орны ерекше екенін айта кеткен
орынды. Рухани дүниелеріміздің қатарын толықтыру
ниетімен түрік тілінен аударылған бұлшағын әңгімелер