11
Пайғамбарлар парасаты
Бұны естігенде, Пайғамбарымыздың жүзі қайта
күлімсіреді, өйткені оған “Жомарт бол, жұртқа
жақсылық жасағаннан жалықпа” дегені ұнаған-ды.
Иә, жомарттық Пайғамбарымызға тән қасиет еді.
Әсіресе, Рамазан айларында оның жомарттығы мен
мәрттігінде тіпті шек болмайтын.
Бір күні бір адам өрістегі ешкілерін санап жүрген
Ардақты елшіге келіп бірнеше ешкі сұрағанда, ол
бірнешеуін ғана емес сол жайылып жүрген ешкілердің
барлығын да алдына салып берген еді.
Бір қора ешкісін ауылға айдап келген әлгі кісі сон-
да өз қаумына былай деп жар салған екен:
– Уа, халайық! Бәрің де мұсылман болыңдар!
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жомарттығы сонша
кедейленем деп те қорықпайды...
Аллаһтың ардақты елшісі кейде біреуден бір нәрсе
сатып алып, оны қайта сол адамның өзіне сыйлайтын.
Ал өзіне біреу сый жіберсе, дереу қасындағыларға
сол сыйды таратып беретін. Ондай сый біраз уақыт
қолында тұрып қалса реніш білдіретін.
Пайғамбарымыздың жары Үммі Сәләмә (р.а.) бы-
лай дейді: – Бір күні Пайғамбарымыздың жүзінен бір
торығуды сездім. Себебін сұрағанымда:
«Кеше алған жеті динарды әлі ешкімге үлестіріп
үлгермедім. Менде қалып қойыпты» деп мұңайған
еді...
Ақысын даулаған сахаба
Хазірет Мұхаммед пайғамбардың
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
бұл өмірдегі дәм-тұзы таусылуға айналған
соңғы күндері. Алпыс үш жылдық өмірін абыроймен