16
Тағылым тамшылары
– Жұмақтық адам көргілерің келсе, мына Үккаша-
ға қараңдар! – деді.
Бұны естіген бүкіл мұсылмандар Үккашаны
құттықтап, оны маңдайынан сүйгіштеді.
Бұл пәни
Абдуллаһ ибн Масғұттың әңгімелеуі бойынша:
Пайғамбарымыз бірде жалаң шиден жасалған
төсенішке жатып көз ілді. Тұрған кезде мүбәрак
тәніне түскен шидің іздері байқалды. Оны көріп, жаны
ашығандар: – Ей, Аллаһ тағаланың құрметті елшісі!
Біз сізге бір жұмсағырақ төсеніш алайық та? – деп
сұрады. Сонда ардақты Расулаллаһ: – Е-е, бұл жалған
дүниені қайтейін?! Мен бұл дүниеде ағаш көлеңкесіне
сәл ғана аялдап, жолын қайта жалғастырған жолаушы
іспеттімін, – деп жауап берді. (Таж: 5/177)
Иә, адам баласы бұл өмірге қонақ әрі жолаушы
ретінде келеді. Бұ дүниедегі бар дүние-мүлік оның
ұзақ сапарына жолшыбай қажетті керек-жарақ қана
болмақ.
Олай болса «қонақтың» үй иесінің ісіне араласпа-
сы белгілі.
Қонақүйді де өз мүлкіндей иемдене алмасы,
ешқандай да үкім жүргізе алмасы да анық жайт.
Өзіне көрсетілген сый-құрмет пен бұйырған дәмге
де ләм-мим дей алмасы, үй иесіне қарсы шығып,
надандыққа баса алмасы, алдына сонша дәмді жайып
сап отырғанда үй иесін сынап-мінеуі де дұрыс емес
екендігі кімге де болса аян.