Previous Page  18 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 18 / 208 Next Page
Page Background

18

Тағылым тамшылары

барған Пайғамбарымыз өткен-кеткеннен уақыт сұрап

досын күтіп тұрды. Өкінішке орай, досы көп кешікті.

Қас қарайғанша күтті, келмеді...

...Екі-үш күннен соң бір жұмыстармен базарға

соққан досы өзін уәделескен жерде әлі күтіп тұрған

Пайғамбарымызды

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

көріп қатты

таңғалды. Іштей әлдеқашан есінен тарс шығып кет-

кен кездесу есіне түсіп қатты ұялды. Шынында да,

ұмытып кеткен екен. Ал Пайғамбарымыз болса оны

екі-үш күннен бері тапжылмастан сол орында күтіп

тұр еді. Досы өзінің қай іске болсын бей-жай қарайтын

салғырттығына бас шайқап қатты өкініш білдірді. Бір

жағы, ел айтып жүрген Пайғамбарымыздың өз ісіне ба-

рынша жауапкершілікпен қарайтындығына осы жолы

анық көз жеткізген еді.

Өйткені жақындап келген досына Пайғамбарымыз

Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жай ғана: – Мені неге

күттірдің? Біраз шаруаларым аяқсыз қалды ғой, – де-

геннен басқа ештеңе айтпаған-ды...

«Уәде

Құдай сөзі» демекші, рас, Пайғамбарымыз

қай істе де үмметіне өнеге бола білген.

Тас сараң

Жабир (р.а.) әңгімелеуде:

Пайғамбарымыз Расулаллаһқа бір кісі келіп:

– Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының

қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған жамандық

жасауын тыяр емес, – деп мұңын шақты.

Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып:

– Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның

қажетсіз ағаштарын маған сат, – деп сұрады.