Previous Page  24 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 208 Next Page
Page Background

24

Тағылым тамшылары

Сонымен қатар, әз Пайғамбар балаларына жақсы

қарайтын ата-аналарды да мақтап, жақсы-жақсы сөздер

айтатын.

Бір күні баласын жоғалтып, тұтқындардың арасы-

нан кез-келген баланы бауырына басып іздеп жүрген

әйелді көрсетіп, пайғамбарымыз:

«Біліп қойыңдар, Аллаһтың құлдарына деген мар-

хабаты, сүйіспеншілігі, мына әйелдің өз баласына де-

ген махаббатынан да асып түседі» деген.

Жаратушының пенделеріне деген махаббатын

анық айқындаған бұл хадис Бұхари мен Мүслимнен

алынған.

Жанашырлық

Мұхаммед пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір мереке күнінде қуана ойнап жүрген балаларға

қарап тұрып, олардың қастарында жыртық киімді бір

баланың жылап отырғанын көреді.

Бірден қасына барып: – «Балалармен бірге неге

ойнамайсың? Неге жыладың?», – деп сұрады.

Бала қайғырып:

– Әкем пайғамбармен бірге пәлен соғыста қайтыс

болды. Шешем басқа біреуге үйленді. Өгей әкем

мені үйден қуып жіберді. Жейтін тамағым, киетін

киімім, паналайтын жерім де жоқ. Әке-шешелері бар

балалардың жақсы киім киініп, ойнап жүргендеріне

қызығып, қорланып жылап тұрмын, – деп жауап бер-

генде, пайғамбарымыз оның қолынан ұстап:

– Мен – әкең, Айша – шешең, Хасан мен Хұсейннің

саған – бауыр болуын қалар ма едің? – деп сұрады.