30
Тағылым тамшылары
тағала маған оның жанын бүгін кешке Үндістанға ба-
рып алуымды бұйырған-ды. Мен оған қарап тұрып
“Бұған жүз қанат бітсе де Үндістанға, әй, бүгін жете
алмас” деп таңғалған едім. Таңғалыспен жүзіне тесіле
қарағаным да сол болатын, – деп жауап берген екен.
Иә, «ажал айдады» деген осы.
Патша мен құмырсқа
Сүлеймен пайғамбар (а.с.) бір күні құмырсқадан
бір жылдық азығының көлемін сұрайды. Құмырсқа
оған бір жылдық азығының көлемі бір бидайдай
екендігін айтады.
Құмырсқаны сынамақ болған Сүлеймен пайғамбар
(а.с.) әлгі құмырсқаны алып шыны әйнекке қаматады,
тыныс алуына жағдай жасап, қоректенуі үшін қасына
бір тал бидай дәнін қойғызады. Сөйтеді де тура бір
жыл күтеді. Уақыт жетіп шыны әйнекті ашып қараса,
құмырсқа әлгі бидайдың жартысын қалдырып, жарты-
сынғанажегенекен.Сүлейменпайғамбарқұмырсқаның
бидайдың жартысын жемей қалдырғанына таңырқап
одан неліктен бидайды толықтай жеп қоймағандығын
сұрайды.
Сонда құмырсқа:
– Негізі, менің жейтін несібемді Аллаһтың өзі
беретін. Ол беретін кезде мен еш нәрсеге алаңдамай,
еш нәрсені уайымдамай бидайымды жылда толық
жейтінмін. Өйткені Жаратушымның мені ұмытып кетуі
әсте мүмкін емес еді. Алайда бір жылғы азығымды
енді сен беретін болған кезде «әй, түптің түбінде
пендешілікке басып мені ұмытып кетсе қайтем» деген
сақтықпен маған берілген бидайдың жартысын ғана