Previous Page  36 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 208 Next Page
Page Background

36

Тағылым тамшылары

Жүректеріндеиманнұрыберікұялағансиқыршылар

Перғауынның бұл қатал үкіміне қасқая қарсы тұрып: –

Сен Мұсаның мұғжизасынан артық емессің. Не істесең

де өз еркің. Сенің қатігездігіңнен қорқып тұрған біз

де жоқ. Көп болса бұ дүниеде есіріп, тайраңдарсың.

Түптің түбінде Аллаһ тағалаға оралғанкезде кімді

жеңбексің?! – десті...

Ол сенің ізіңе ерген жоқ

Нұх пайғамбардың баласы кәпір еді. Жер бетін то-

пан су басқан уақытта баласының теңіз толқындарымен

арпалысып, өлім мен өмір арасында жанталасып

жатқанын көргенде жаны ашып:

– Ей, балам! Кел, бізбен бірге кемемізге мін.

Кәпірлігіңнен арыл! – деп дауыстады.

Алайда баласы қырсығып:

– Тауды паналасам да судан аман қаламын, – деді

асау толқындарға бір батып, бір шыққан ол екі қолын

ербеңдете.

Нұх пайғамбар баласына оның бүгінгі апаттан не

істесе де құтыла алмайтындығын ескерте:

– Аллаһ қаламаса, бұл азаптан ешкім де сені

құтқара алмайды, – деді.

Осы сәт Нұх пен баласының арасын таудай тасыған

теңіз толқындары бөліп, ештеңеге мұрша бермей екеуін

екі жаққа алды да кетті. Алайда Нұх (а.с.) баласын ой-

лап қатты қамықты. Қалай қамықпасын, бауыр еті өз

баласы емес пе?! Іштей қайғырып қан жұтқаны сонша,

ең болмағанда баласы Қиямет күні азапқа ұшырамаса

екен деп тіледі.