38
Тағылым тамшылары
Ағаттық жасау
–
о бастан адам баласына сіңісті
әдет. Алайда дереу кешірім тілеп, тәубаға келген-
дер
–
сол ағаттық жасағандардың ең ізгілері болып
саналатындығы хадисте айтылған.
Содом мен Гомор
Лұт пайғамбар (а.с.) – араб түбегіндежайлапкеткен
пұтқа табынушылықпен жан аямай күрескен, халықты
бір ғана Жаратушыға иман келтіруге шақырған,
осы бір қасиетті жолда өмірінің соңына дейін асқан
сабырлылық пен төзімділік таныта білген Ибраһим
пайғамбардың көкесінің ұлы. Оның пайғамбарлығы
мен бүкіл өмірі Иордания мемлекетінің аймағында
орналасқан Лұт көлінің маңайында өткен. Бүгінгі күні
алақандай ғана жерге ие бұл тұзды көл кезінде ұлан-
ғайыр алқапты алып жатқан, жағалай ірі қалалар қоныс
тепкен, өте шұрайлы мекен болған. Сол қалалардың
екеуінің аты күні бүгінге дейін әлі ұмытылмай, тіпті
ғылыми қазба жұмыстары мұндай қалалардың тарих-
та расында да болғандығын дәлелдеуде. Бұлар: Шезум
(Содом) және Оморе (Гомор) қалалары еді.
Лұт (а.с.) осы Шезум қаласында тұратын.
Біз қазір сіздерге өмір бойы халықты имандылыққа
үгіттеп, ақиқатқа шақырған Лұт пайғамбардың
тіршілігіндегі соңғы күндері жайлы баяндамақпыз.
Әдетте адам баласының тура жолдан аяғы бір
тайса болды, оның небір азғындықтарға ұшырап,
небір арсыздықтарға басатындығы сөзсіз. Тура жол-
дан ауытқыту арқылы Адам атаның баласы Қабылға
да қызғанышпен өз бауырын өлтірткен осы бір
тәнқұмарлық сезім Лұттың (а.с.) халқында да аса бір