Previous Page  42 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 208 Next Page
Page Background

42

Тағылым тамшылары

Зекет

байлықтың қорғаны

Хасан әңгімелеуде:

Бір күні Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

өзін

қоршай отырған сахабаларға: «Зекет – қолдағы мал

мен байлықтың қорғаушысы, сақтаушысы», – деді.

Дәл осы мезет бір христиан саудагер де айтылғандарға

құлақ салып тыңдап отырды. Пайғамбар сөзін айтып

бітірер-бітірмес әлгі христиан барған бойы малының

зекетін берді.

Сол уақыттар христиан саудагердің жақын досы

Мысырға саудамен жол тартқан еді. Екеуі бірге сау-

да жасайтын. Ол кездерде сауда үлкен керуендермен

жасалатындықтанжолбойықарақшылардыңқармағына

түсіп қалу қаупі жоқ емес. Христиан ішінен былай деп

ойлады: «Егер Мұхаммедтің айтқаны рас болса, мен

берген зекеттен досым қарақшылар құрығынан аман-

есен келеді, ондамендемұсылмандықтықабылдаймын.

Ал егер Мұхаммед жалған айтып жұртты алдаған

болса, онда менің досымның саудасы жол бойы

қарақшылардың талан-таражына түседі, онда мен де

қылышымды алып Мұхаммедтің сазайын беремін».

Бір уақытта жолдағы керуеннен хат келеді. Хат-

та керуеннің қарақшыларға тап болып, бар дүние-

мүліктен айрылғаны жазылыпты. Хаттың бас жағын

оқи сала христиан бірден қылышына қол жүгіртіп,

жолға жиналмақ болды. Бірақ артынша досының

«Керуеннің алдыңғы жағына қарақшылар шабуыл

жасап, бар мал-байлықты ту- талапай жасағанда, мен

керуеннің соңында едім. Маған ештеңе болған жоқ.

Бар мал-байлығымыздың еш шашаусыз аман-есен

келе жатқан жайы бар. Алаң болма! Жақында барып