40
Тағылым тамшылары
қанағаттандырып, тояттағанша байыз табар емес.
Халық олардың жай жігіттер емес өздерін қалаларымен
қоса үлкен азап құшағына сүңгітуге келіп отырған
періштелер екендігін қайдан білсін?!
Лұт пайғамбардың үйіне келген періштелер әу
баста өздерінің періште екендігін айта қоймады. Алай-
да арттарынан қалмаған халық шұбырған күйі үйдің
есігіне дейін жеткен болатын. Үйді бастарына көтере
айғайлаған халық Лұттан (а.с.) әлгі жігіттерді өздеріне
шығарып беруді талап етіп жатты. Ал Лұт болса
халықтың мына қылығы үшін келген қонақтарынан
ұялып қысылғаны сонша, жерге кіріп кете жазда-
ды. Тіпті бір уақытта сыртқа шыққан күйі үйді айна-
ла қоршаған халыққа ашуланып, ызадан жарылардай
кейіпте:
– Әй, ұятсыздар! Келген қонақтар аса бір
ізетті кісілер. Олар менің ғана емес бәріміздің де
қонақтарымыземеспе?Адамгершіліктеносыншалықты
жұрдай болғандарың ба? Естеріңді жисаңдаршы? – деп
ұрысты.
Халықтың оған иліге қоймаған күңкілін есті-
генде:
– Тіпті болмаса мен сендерге мына он екіде бір
гүлі ашылмаған қыздарымды (некелеп) берейін
5
,
соны алыңдар да қараларыңды батырыңдар бұл жер-
ден. Алайда қонақтарымның көзінше мені масқара
қылмаңдар, – деп те көрді.
5
Ислам ғалымдары пайғамбарлар өз үмбетіне әке секілді
болғандықтан,Лұтпайғамбардыңбұлжердеайтыпотырғаны
өз қыздары емес, үмбетінің қыздарын ер кісілермен некелеп
берейін дегені деп түсіндірген.