

43
Пайғамбарлар парасаты
қаламын» деген сәлемдемесін алады. Бұдан кейін
Пайғамбардың ақиқат сөйлеп, рас айтқанына христиан
саудагердің зәредей де шүбәсі қалмайды. Дереу Ақиық
елшінің алдында тізе бүккен күйі: – О, Расулаллаһ, –
дейді, – маған исламды түсіндір, иманға келейін.
Ислам түсіндірілгенде, ол ислам туының аясын-
да адамзаттың ең тұнық бастауы мұсылманшылықты
қуана қабылдайды
6
.
Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
Мекке толықтай мұсылмандардың қолына өт-
кеннен кейін Исламның бас дұшпаны Әбу Жәһилдің
баласы Икриманы Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
өлім жазасына кескендіктен ол бас сауғалап
Йеменге қашты. Алайда оның әйелі Үммү Хаким
болса мұсылмандықты қабылдап, әрі күйеуі Икри-
маны кешіруді Пайғамбарымыздан өтінген еді.
Пайғамбарымыз оны кешіргендігін білдіргенде,
Үммү Хаким дереу күйеуін іздеп жолға шықты. Теңіз
жағасындағы бір кемеде мұсылман капитанымен
сөйлесіп тұрған жерінен Икриманы тапты. Капитан
оған:
– «Лә иләһа иллаллаһ, Мұхаммед расулаллаһ» деп
айтып имансыздықтан біржолата арылсаңшы, – деді.
Икрима:
– Мен онсыз да соны айтпағандығым үшін қашып
кеткем жоқ па?! – деп қарсылық білдірді.
Сол кезде қастарына жақындаған Икриманың
әйелі:
6
Рауда-тул Улема