Previous Page  22 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 208 Next Page
Page Background

22

Тағылым тамшылары

Ең балажан кісі

Пайғамбарымыз Мұхаммед

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

балаларға тым мейірімді еді. Сахабалардан Абдуллаһ

ибни Омар (р.а.) немерелері Хасан мен Хұсейн

үшін пайғамбарымыздың «дүниедегі екі райханым

(хош иісті гүл) менің» дегенін, Әнәс ибн Малик

Расулаллаһтың оларды бауырына басып, иіскеп, оларға

дұға оқитындығын айтқан. Усама ибн Зәйд (р.а.) болса

«Расулаллаһ мені бір тізесіне, Хасанды екінші тізесіне

отырғызып, екеуімізді де бауырына бірдей қысып «Иә,

Раббым! Менің бұларға мейіріммен қарағанымдай,

сен де бұларға мейіріміңді төге гөр!» деп пайғамбар

сүйіспеншілігінің тек қана өз немерелеріне ғана емес,

басқаларға да дәл сондай екендігін айтқан.

«Кішкентайларымызға мейірімділік танытпаған

бізден емес» (Әбу Дауыт, әдеп, 58) деп хадисінде

айтқан пайғамбарымыз, реті келгенде бұл жайлы ата-

аналарға да жұмсақ тілмен ескертіп отырған.

Әр түрлі сахабалардың айтуына қарағанда,

пайғамбарымыз балаларды өте қатты жақсы көріпті.

Оларды құшақтап, көтеріп, мойнына отырғызып, ба-

уырына басып, сүйіп, түйемен келе жатса, түйесіне

мінгізіп, алдына алып ойнатып, балалармен бірге өзі

де ойнап, бірдеңе бүлдіріп, үстін былғап қойса да еш

ұрысып, қабақ шытпаған екен.

Бұл жайында кейбір сахабалардың айтқандары:

Абдуллаһ ибн Бүср Расулаллаһты тамаққа

шақырғанда, тамақтан кейін әдеттегідей сол үй-ішіне

аман-есендік тілеп, дұға оқығандығын әрі «мына бала

бір ғасыр өмір сүреді» деп басынан сипағандығын

айтқан.