Previous Page  21 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 208 Next Page
Page Background

21

Пайғамбарлар парасаты

мұсылман екендігіне жұртты тәнті ете мағыналы жау-

ап қайырған екен

2

.

Сөз бен іс

Ардақты пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір са-

парда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен

түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Жолсоқты боп

қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты.

Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады.

Біреуі: – Қойды мен сояйын, – деді.

Екіншісі: – Терісін мен сыпырайын, – деді.

Үшіншісі: – Ет пісіру менің мойнымда болсын, –

деді.

Сол кезде Пайғамбарымыз да: – Шөлден отын

жинап қайтуға мен барайын, – деді. Бұны естігенде

сахабалардың бәрі әбігерленіп: – Уа, Аллаһтың

құрметті елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде

сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз-ақ бәрін қуана-қуана

істейміз, – десті.

Сонда Пайғамбарымыз: – Иә, бұл жұмыстарды мен

сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алай-

да Аллаһ тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден

артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын

ұнатпайды, – деп жауап берген еді.

Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп

әкелді...

Бұл Аллаһ елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл

сипатының қарапайым ғана бір көрінісі.

2

Усул-ы Кафи с. 2. «Мүслүман факирлерин фазилеті» бабы