17
Пайғамбарлар парасаты
Сондай-ақ, қонақ өзі ала келмеген нәрсесі мен
өзімен бірге ала кетпейтін нәрселерге де көңіл аудар-
масы, оған құлықсыз болары даусыз.
Расулаллаһ бір күні Ибн Омардың иығына қол са-
лып былай деді:
«Бұл пәниде өзіңді жат жұрттық секілді сезініп өт!
Ылғи да өзіңді жолаушымын деп біл әрі өзіңді қабірде
жатқандардың қатарында сана!».
Ибн Омар (р.а.) да оның айтқандарын сол күйі
бұлжытпай орындап, өзі де артқыға былай деп өсиет
қалдырған екен:
«Түнге қалсаң таңды күтпе, таңды атырсаң кешті
күтпе. Денсаулығың болса ауырмауға әрекет жаса,
өміріңді өлімге дайындық деп есепте».
Иә, біздің халіміз төмендегі мына екі ауыз өлеңде
айтылғандай:
Ана жатырынан шықтық базарға,
Бір кебін алып қайттық мазарға...
Расында да, бұл дүниенің о дүниеге қарағанда
құнсыз әрі көзді ашып-жұмғандай өтпелі екендігін
кімде кім түсінсе өкінбес еді. Қазақтың «Қамшының
сабындай қысқа ғұмыр» деуінде де үлкен астарлы ой
жатса керек?!
Уәдеге беріктік
Пайғамбарымыз Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қай іске болсын аса бір жауапкершілікпен қараған.
Тіпті біреуге уәде берсе, сол уәдесін орындағанша
асығатын.
Өзін іздеп келген досы бір күні онымен базарда
кездеспек болып келісті. Айтқан уақытынан сәл ерте