Previous Page  14 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 14 / 208 Next Page
Page Background

14

Тағылым тамшылары

өз-өзіне жұрт көзінше жаза бермек болғандығына да

таңғалды.

Келе сала есікті қақты. Іштен Фатиманың: – Ол

кім? – деген даусы естілді. Біләл (р.а.) өзінің атын ай-

тып Пайғамбардың қамшы сұратқанын жеткізді. Фа-

тима: – Ей, Біләл! Әкем қамшыны не істемек? – деп

сұрады.

Біләл: – Өз-өзін жазаландырмақшы, – деп жауап

берді.

Фатима: – Ей, Біләл! Қамшымен ұрып әкемнен

ақысын алмақ болған кім? – деп сұрады.

Біләл: – Үккаша, – деп жауап қатқаннан кейін

қамшыны алған бойы мешітке заулады. Қамшыны апа-

рып хазірет Пайғамбарға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ұстатты.

Пайғамбар болса қамшыны Үккашаға берді.

Дәл осы арада орындарынан атып тұрған Әбу Бәкір

мен Омар (р.а.) қосарлана: – Ей, Үккаша! Қамшымен

Пайғамбарды ұрғанша бізді ұр, міне арқамыз, – деп

жалыныш білдіре жон арқаларын тосты.

Хазірет Пайғамбар:

– Уа, Әбу Бәкір, ей, Омар! Аллаһ тағала сендердің

бұл тілектерің үшін сый-құрметке бөлейтіндігі

күмәнсіз, – деді.

Бұл жолы Үккашаға Али (р.а.) жалына бастады:

– Ей, Үккаша! Пайғамбарды қамшымен ұруыңа риза

емеспін. Оны ұрғанша мені ұр! Міне, арқам, міне, кеу-

дем, қай жерімнен қанша ұрғың келсе де ұр!

Оған да хазірет Пайғамбар басу айтты: – Уа, Али!

Орныңа отыр! Ұлы Аллаһ сенің бұл жақсылығыңды да

елеусіз тастамайды.

Үккашаға енді Хасан мен Хұсейін жалына баста-

ды.