9
Пайғамбарлар парасаты
көрінеді. Тым құрыса, осы бір мүмкіндікті жіберіп
алмайыншы деп, ести сала екі өкпесін қолына алып
жүгіріп келген беті екен. Қолына ештеңе тимей, сан
соғып қалғаны кедей жанына қатты батты.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әлгі байғұстан:
– Зәру затың көп пе еді? – деп сұралғанда үміт ұшқыны
қайта қылаң бергендей болды.
Санай бастады... Расында да, көмекке қолы жет-
се, біразынан құтылып, көңілі бір жұбанып қалғандай
екен. Айтқандарының бәрі де күнделікті тұрмыс үшін
ауадай қажетті заттар болатын. Алайда, қамкөңіл
Пайғамбарымыз аз ғана уақыт бұрын қолындағы бар
дүниенің бәрін келген жұртқа бірін де қалдырмастан
со күйі түгелімен таратып бергендіктен, дәл қазір
қолында бір тиын да қалмаған еді. Енді не болмақ?!
Пайғамбарымыз іштей терең тебіреніп, қатты
аяушылық білдіріп, пақыр бәдәуи жүзіне мейіріммен
көз тастады. Сөйткенше болмай, күтпеген жерден оқыс
шешім айтты: – Қамықпа, қажетті затыңның бәрін де
аласың!
– Қалайша? – деп сұрады көзі шарасынан шыға
таңғалған кедей байғұс. Пайғамбарымыз болса, бұл
жолы әр сөзін нықтап, анық-анық айтты: – Қазір осы
тұрған бойда қаланың ішіне бар. Қай жерден керекті
затыңды көрсең, сатушысына “Мына затыңды мен
алам, ал ақшасын Аллаһ елшісі Мұхаммедтің өзі
төлейді. Қалағанымды бер!” дегейсің.
Пайғамбарымыз беретін ақшасы болмаған кез-
де осылайша кедей-кепшіктердің мұң-мұқтажын
өтеп беруді өз мойнына алатын. Тіпті ол үшін өзінің
қарызданғандығын да елемейтін. Әйтеуір, ретін тауып