3
Аңдатпа
Қазақ халқы – ежелден даналыққа, шешендікке,
әңгіме, жыр-дастандарға үйір халық. Ауылына қонақ
келсе айтқан әңгімесін ұйып тыңдап, таңды таңға ұрып
батырлық жыр мен ғашықтық жырларды жалықпай
тыңдайтындығы да соның айғағы. Ауыз әдебиеті
бай дамыған халқымыздың осы бір қасиеті оның
ақынжанды, әңгімеқұмар халық екендігін дәлелдей
түскендей. Ата-бабаларымыз – жүйелі сөзге тоқтай
білген, сөз салмағын бағамдай білген, бір ауыз сөзбен
бір-бірімен жауласқан екі руды татуластырған, бір ауыз
сөзбен адасқан тентегін жөнге салған, сөз қадірін жете
ұға білген ел. Ұтымдық пен тапқырлыққа, шешендікке
негізделген айтыс өнері де күні бүгінге дейін қазақ
халқының сөзден түйін түйген дара халық екендігін
дәлелдеумен қатар ел ішіндегі тәрбие болмысын
қалыптастырып келеді. «Ақылды қария – ағып жатқан
дария» деп бір ауыл елді дуалы ауызды бір ақсақалға
билеткен халқымыздың қанында мәнді ой мен қисынды
уәжге тоқтау о бастан сіңісті әдет екендігі даусыз. От
тілді, орақ ауызды ділмарларын көкке көтере, Төле,
Әйтеке, Қазыбек сынды билерінің әр сөзін ғибратқа
балаған халқымыз даналыққа, татымды ой мен тар-
тымды әңгіме-қиссаларға деген қадір-құрметін әлі
күнге сақтап келеді. Тәуелсіз ел болғалы бері руха-
ни, танымдық, тәлімдік жәдігерлер қайта зерделеніп,
қордасы молайып келе жатқаны шындық. Кезінде
Абай, Ыбырай, Ахмет сынды алыптар шетелдік ақын-
жазушылардың мысалдары мен шағын әңгімелерін