73
Сахабалар сабағы
келісіп алғандай өңі қашқан екі бала да жастықтан
бастарын жұлып алып жылап қоя берді. Балалардың
жылауы кемпірдің зарына зар қосты. Ол көкке қолын
жайған күйі қарғыс айта бастады:
- Осы жетімдердің тамған көз жасы Омарды құр
жібермесін! О, Жаратқан! Халифа Омар отырған ор-
нында ома қапсын! Оның бәле-жаладан басын арылт-
па!..
Хазірет Омар бұдан арыға шыдай алмады. Көзінен
жас сорғалап ағып кетті. Бірақ жылап-сықтаумен өздері
есеңгіреп отырған үй ішіндегілерге Омар өзінің көз
жасын көрсетпеуге тырысты. Кемпірдің сөзі сүйектен
өтетін зарын тыңдап бұдан әріге дәті шыдап отыра беру
Омар үшін тіптен мүмкін емес еді. «Айтқаныңыздың
бәрі де рас. Балаларыңызды жұбата тұрыңыз, мен қазір
келем» деген күйі бұрылып есіктен шыға берді. Ілесе
артынан мен де шықтым.
Сыртқа шыққанда терең бір тыныстап, қатты
күрсінді. Жүзі түнеріп кеткендей еді. Жол бойы ләм-
мим деп тіл қатпады. Ештеңеге қарамастан адымда-
рын жылдамдатып, тез жүріп келеді. Мен болсам арт
жағынан ілесе алмай келем.
Бірден мемлекет қазынасына бардық. Хали-
фа бір қап ұн алып, маған май құйылған бір ыдысты
ұстатты. Уақыт өткізбей әлгі бір қап ұнды арқасына
көтеріп арқалаған күйі қайта жолға шықпақ болды.
Мен өз көзіме өзім сенбедім. Шынымен-ақ, бүкіл бір
мұсылман елінің басшысы бір қап ұнды өзі арқаламақ
болғаны ма?