77
Сахабалар сабағы
Алдындағы адамды әлі танымағаншешейдің сөзіне
мен іштей күліп жібердім. Ақырын көз қиығыммен
халифаға қарадым, ол да бүгін алғаш рет қабағы жады-
рап, жылы жымиды.
Маған жақындап, жүр қайтайық дегендей белгі
бергеннен кейін: – Шешей, – деді кемпірге бұрылып: –
Ертең халифаның ордасына келіп, маған жолығыңыз.
Мен сізге зейнетақы мен жетімдеріңіз үшін ақша жаз-
дырайын. Әзірге сау болып тұрыңыз! – деді.
Екеуміз сыртқа шыққанымызда ағарып таң да
атып келе жатты. Сәлден кейін-ақ азаншының намазға
шақырған әуезді үні естілді. Түнді ұйқысыз атырса
да, халифа тер төгіп біреудің қажетіне жарағанына
қуанышты кейіпте. Мен де түнімнің ұйқысыз өткеніне
қуанбасам, еш өкінбедім. Өйткені көп нәрсе көріп, көп
нәрсе естіп, көп нәрсе көңілге түйдім. Көргендерім
мен түйгендерім мен үшін өмір бойы ұмытылмастай
із қалдырған еді. Есіме Пайғамбарымыздың «Менің
сахабаларымның әрқайсысы аспандағы жолшы
жұлдыздар секілді. Қайсысына ерсеңдер де, тура жолды
табасыңдар» деген хадисі түсті. Уа, Пайғамбарым, сен,
сірә, Омарды көріп барып осылай деген боларсың!
Ертесіне түске таман қарт шешей Халифаның ор-
дасына келді. Ол келмей тұрып-ақ, оған керектілердің
бәрін Хазірет Омар алдын ала дайындатып қойған бо-
латын. Кемпір Омарды келген бетте бірден таныды.
Таңғалғандықтан не істерін білмей қалшиып тұрып
қалды. Халифа Омар болса оны құрметпен күтіп алып,
төрдегі орынға отырғызғаннан кейін: – Шешей, – деді
жай ғана, – бұдан кейін әр ай сайын өз атыңызға әрі
қолыңыздағы жетімдер үшін жәрдемақы алып тұратын