Previous Page  82 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 208 Next Page
Page Background

82

Тағылым тамшылары

ген ізімен салғырт қана кері қайтты. Мысырға келіп

сүйекті әкімнің қолына ұстатқаны сол еді, сүйектегі

жазуды оқығанда Саад ибн Әби Уаққастың зәресі

ұшып кетті. Бірден яһудидің үйін өзіне қайтарып, тіпті

бұрыңғысынан да әдемі қалыпқа келтіртті. Онымен де

қоймай тағы біраз көмек те жасады.

Хазірет Омардың сондағы сүйекке жазған жазуы

мынау еді:

«Байқа, мен Нүшіруаннан да әділірекпін!»

Халықтың «Тура биде туған жоқ, туғанды биде

иман жоқ» деуі тегін бе?!

Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот

Мұсылмандардың Меккеден Мәдинаға сапар

шеккен ұлы көш – хижреттің он жетінші жылы. Ел

басқарып отырған халифа Омар келімді-кетімді кісі

көп болғандықтан, Пайғамбар мешітін кеңейтпек бол-

ды. Ол үшін мешіт маңындағы жерлерді иелерімен

келісе отырып, мешітке қосу керек еді. Көп өтпей-ақ

мешіт қасындағы жерлердің иелеріне қолқа салды:

– Үйлеріңіз бен жерлеріңізді Расулаллаһтың

мешітін кеңейту үшін сатып алсам деймін. Ешкім де

өз мүлкін арзанға бағаланады деп ойламасын. Әркім

өз жерінің бағасын өзі шамалап айтсын. Мен біреудің

жерін қолынан күштеп алып, Пайғамбар мешітін

кеңейтуден аулақпын.

Елдің бәрі жерлері мен үйлерінің бағасын өздері

айтып, мешіт маңындағы жерлер сатылып алына ба-

стады. Мешітті кеңейтуге едәуір жер де табылды.

Алайда күтпеген жерден бір кілтипан кездесе кетті.

Ол – Аббастың (р.а.) келіспеуі еді. Аббас басын алып-