Previous Page  85 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 208 Next Page
Page Background

85

Сахабалар сабағы

Өзің қандай болсаң, басшың сондай

Омар (р.а.) қай жолмен жүрсе де сол жол бойын-

да жатқан ірілеу тастарды аяғының ұшымен жолдың

шетіне ысырып, өзінен кейін сол жолмен жүретіндерге

кедергі келтірмеуіне көңіл бөлетін.

Бір күні тағы да жолмен кетіп бара жатып, жол

үстінде жатқан бір тасты аяғымен жол шетіне қарай

ысыра теуіп қалған. Алайда жол шетіне шығарып

тастамақ болған тас байқаусызда қарсы келе жатқан

бір сахабаның аяғына барып тиді. Бұл жайтқа хазірет

Омар іштей өкініш білдірсе де, үндемеген қалпы кете

барды.

Арада бір жыл өткен еді. Омар сол баяғы жолмен

кетіп бара жатып тағы да кездесіп қалып жатқан жол

бойындағы тастарды жол шетіне ысырып бара жатқан

еді. Дәл сол мезет өткен жылы аяғына тас тиген сахаба

да сол жолмен өтіп бара жатыр екен.

Халифа еш ойланбастан қалтасына қолын салып

жіберіп бір уыс ақша алған күйі әлгі сахабаға:

– Мә, мына ақшаны ал да қажетіңе жұмса, – деді.

Сахаба таңырқаған күйі:

– Әй, мүминдердің басшысы! Жұмсайтын ақшам

менің өзімде де бар ғой, – деді.

– Жұмсайтын ақшаң бар да шығар білем, бірақ

сонда да алғаныңды қалап тұрмын!

– Жоқ, маған қажет емес.

– Әй, сен осы жылы қажылыққа бармаушы ма

едің?

– Иә, барам.

– Онда мә, жолыңа жұмсарсың!

– Жолыма да ақшам жеткілікті.