Previous Page  83 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 208 Next Page
Page Background

83

Сахабалар сабағы

қашқан күйі жерін сатпаймын деп тұрып алды. Тіпті

мешіт үшін дегенге де көнбеді. Халифа өз ұсынысын

тағы қайталады:

– Ей, Аббас! Жеріңді сатқаннан сен ұтылмайсың,

арзанға алмаймыз. Біреудің көзінен жасын ағызып,

Пайғамбар мешітіне жер алып қосар жайымыз жоқ.

Егер жердің ақшасын азырқансаң, онда екі-үш есе көп

төлейік. Әйтеуір, сен разы болып жеріңді сат. Осымен

бұл жұмысты тәмамдайық. Пайғамбар мешіті кеңейіп

халық игілігіне жарасын.

Бірақ, қайдан! Аббас бұған да көнбеді:

– Жоқ! Жер менікі, қанша ақша берсеңдер де

сатқым келмейді. Тартып алмақ болсаңдар, онда бас-

қаша!

Мәселе шешілер болмаған соң халифа Сотқа

жүгінуге мәжбүр болады. Қазылық қызметін атақты

құқықшы Ұбәй ибн Кааб атқарады.

..Екі жақ та сот алдында отыр. Мемлекет басшы-

сы:

– Біз басшылық ретінде Аббасқа жер құнын еселеп

беруді ұсынған едік. Оның бұған келіспейтін жөні жоқ.

Жерін берсін, Пайғамбар мешітін кеңейтуіміз керек.

Аббастың жауабы:

– Жер менікі болса, мүлік иесі мен болсам, құнын

қанша еселеп берсе де бергім келмейді. Ақшамен

қыстаса да, мешітке қосамыз десе де қолымнан күштеп

ала алмайды.

Сот үкімі:

– Ислам құқығы бойынша ешкім ешкімнің жері

мен мүлкін ақшалай болса да тартып алуға хақысы

жоқ. Тіпті мешіт үшін де мүлік иесін күштей алмай-