Previous Page  93 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 93 / 208 Next Page
Page Background

93

Сахабалар сабағы

на көп түсе бермейтін ел басшысы да болады екен-ау»

деп күбірлеген ол одан әрі іздестіреді.

Бір араб әйел:

– Сен іздеп жүрген халифа Омар әне, ана құрма

ағашының көлеңкесіндегі кісі. Елдің бәрі төсекте

жатқанда ол керісінше жерде құм үстінде жатыр.

Бар да көлеңкеде жатқан зылл-ы- иләһиге (Хақтың

көлеңкесіне) көз сал!.. – деген еді.

Ұйықтапжатқан хазірет Омардың сұсты кейпі грек

елшісіне қатты әсер етті. Қорқыныш пен ұнамдылық

екеуі екі бөлек жайт болғанымен, екеуінің бірдей бой-

ын баурап алғанына таңданған елші өз-өзіне «Мен

қаншама императорларды көріп, солардың мақтауын

естіген жанмын. Алайда сол патшалардың қасында

ұяламаған қорқыныш пен сүйіспеншіліктің дәл осы бір

кісінің қасына келгенде бойымды тебіренткені тегін

болмаса керек. Халифа ешбір қарусыз жерде жатса да,

менің қалшылдап қорыққаныма жол болсын?! Бұл не

өзі сонда?! Сірә, бұл сұсты кейіп мына шапанға ора-

нып жатқан кісіге Хақтан берілсе керек» деді іштей.

Грек елшісі осылайша өз ойымен өзі арпалысып

тұрғанда хазірет Омар да ұйқысынан оянған еді. Грек

елшісі хазірет Омарға иіліп құрметпен сәлем береді.

Халифа да ерекше бір ілтипатпен сәлемін қабыл алып,

демде-ақ оны өзінің жан сарайымен баурап, небір

шуақты тәтті сөздерін сыйлап, жанын жадырата түсті.

Елші мынадай ел басшысы дәрежесіндегі адамның

соншалықты кішіпейілдігіне таң тамаша болған еді.

Тіпті бөтен елден келген елші сәлден кейін-ақ Омарға

өз елінің адамынша бауыр басып, әдемі әңгімеге