Previous Page  148 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 148 / 208 Next Page
Page Background

148

Тағылым тамшылары

Төре баласы: – Мейлі, алайын, қаншаға сат-

пақсыз? – депті. Хасан Басри екі сөзін екі күміске

бағалайтындығын айтыпты да: – Өзіңнің жеке басыңда

үйің бар ма?- деп сұрапты. Бала: – Иә, бар, – деп жауап

беріпті. Хасан Басри:

– Мирас қалып па еді, әлде, өзің салғыздың

ба? – деп қайта сұрапты. Бала: – Өзім салғыздым,

– деп жауап беріпті. Хасан Басри: – Қанша уақытта

салғыздың? – деп сұрапты. Бала: – Оған уақыт көп

кетті, – депті. Хасан Басри: – Күш-қуатың бола тұра

неге тезірек салғызбадың? – деп сұрапты. Бала: –

Үйдің ғимаратының ауыр ағаштары мен тастарын

тасыған малдарға жаным ашыды. Сондықтан оларға

аз-аздап тасытып, көп жүк артқызбадым, – деп жау-

ап беріпті. Хасан Басри бұл жолы: – Ей, елге сыйлы

басшының ұлы! Малдарыңа жаның ашығанда неге өз-

өзіңе жаның ашымайды? Оларға қиналмасын деп ауыр

жүк артпадың, ал өзің неге мұншама ауыр күнә арқалап

жүрсің? Одан да өзіңе жаның ашыса шы?! – депті.

Аталы сөз балаға қатты әсер еткен еді. Жалма-жан

атынан түсіп Хасан Басридың қолын алыпты. Сөйтіпті

де сабырсыздана: – Уа, ақсақал! Екі күмісіңізді қолма-

қол берейін, екінші сөзіңізді де айтыңыз, – депті жа-

лынып.

Хасан Басри екінші сөзін айтпақ болып: – Қайда

бара жатыр едің? – деп сұрапты. Бала: – Мемлекет

басшысына барып жауапты қызмет алмақ едім, – деп

жауап беріпті. Хасан Басри: – Қарашы, мемлекет бас-

шысына бара жатырмын деп барынша әдемі киініп,

үстіңе хош иістер сеуіпсің. Неліктен? Өйткені мемле-

кет басшысы мен соның қарамағындағылардың қасына