154
Тағылым тамшылары
Сол сәтте Аллаһ тағаладан Жүнәйд-Бағдадиға мы-
надай дауыс естіледі:
– Әй, Жүнәйд! Сен менің үйімді тауап етуді қалап
едің, оның орындалды. Ал мәжуси Мені қалап келіп
еді Маған қауышты!
Байлыққа қол жеткізген адалдық
Бір кісі Қағбаның қасында отырып дауыстаған
күйі мына бір жол дұғаны ғана қайталай берсе керек:
« – Уа, турашылдарға қол ұшын беріп, харамнан
сақтанғанды сақтаушы Аллаһ тағала!...».
Бұған таңғалған қасындағылар «Басқа дұға
білмейсің бе? Бұл қалай?» деп оның мәнін сұрапты.
Сонда ол өз басынан өткен мына бір ғибратты жайтты
баяндап берген екен:
...Бір күні Қағбаны тауап етіп жүріп аяқ астынан
бір кесе алтын тауып алдым. Санасам дәл мың ал-
тын екен. Жүрегім өрекпіп бірден иманым мен шай-
таным арпалысқа түсіп айқаса кетті. Шайтаным «Де-
реу жымқырып ал, әйтпесе, мың алтынды саған кім
береді?! Ештеңеден қыжалат көрмейсің» десе, има-
ным «Иесіне қайтармасаң бұл адалдыққа жатпайды.
Одан да иесін тап та, бер» деді. Мен осылай екіұшты
ойда тұрғанымда, «Осы маңда бір кесе алтынымды
жоғалтып алдым. Тауып алған адамға сүйінші ретінде
отыз алтын беремін» деп жоғын іздеп жүрген алтынның
иесін көрдім. Мың харам алтыннан гөрі отыз адал ал-
тын артық қой деген оймен қолымдағы алтынды иесіне
қайтардым. Ол маған айтқанындай сүйіншіге отыз ал-
тын берді. Ақшамды қолыма ұстап базар аралап келе
жатқанымда тұп-тура отыз алтынға сатылмақ болып