156
Тағылым тамшылары
түсіндірген еді. Бұны естіген сәтте мен қатты толқып
Аллаһ тағалаға көп шүкіршілік айттым. Өзімнің ба-
сымнан өткен адалдық турасындағы оқиғаны оған да
баяндағанымда екеуміздің қуанышымызда тіптен шек
болмады.
Кемшілік кімде?
Ахмет Рафи бір күні шәкірттерінен:
– Менің кемшілігімді байқаған адам болса айтсын,
– деп өтініпті.
Сонда шәкірттерінің бірі тайсалмастан: – Ұлы
ұстаз, сізде мен байқаған үлкен бір кемшілік бар, –
депті.
Өз кемшілігін шәкірттерінен сұрауға арланбайтын
өте кішіпейіл ұстаз шәкіртінің бұл сөзіне қабақ шытпа-
стан сол кемшілігін түзетпек ниетпен:
– Иә, айта ғой, – дейді жай ғана, – ол қандай
кемшілігім?
Көзі жасқа шыланған шәкірті сонда:
– Біз секілді лайықсыз жандардың сізге шәкірт бо-
луы, – дейді.
Әлгі шәкірттің бұл сөзін естігендер тегіс жылапты.
Ахмет Рафи да көз жасына ерік беріп еңкілдеп жылаған
күйі: – Мен сендердің қызметшілерің ғанамын, мен
бәріңнен де төменмін, – деген екен.
Нағыз қажы
Табииіндік парасатты ғалым, хадисші Абдуллаһ
ибн Мүбәрак қажылығын тәмамдап, Қағбаның түбінде
отырғанда көзі ілініп кетіпті. Сол сол-ақ екен Аллаһ