Previous Page  162 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 208 Next Page
Page Background

162

Тағылым тамшылары

жылжушы болма! Аман-есен тұрғаныңда кері қайт! –

деп бар даусымен айғай салды.

Сол сол-ақ екен, Меккеге кіре берісте ең үлкен піл

тартыншақтай бастады. Қатты қинағаннан кейін табан-

дап жерге жатып алды. Не істесе де оны ешкім Қағбаға

қарай аяқ бастыра алмады. Дәл осы мезет топ болып

ұшып келген «Әбабил» құстары аспанда қаптап кетті.

Әрқайсысының ауыздары мен аяқтарында қойдың

құмалағындай майда тастар бар. Ұшып келген бойда

сол тастардан жау әскерінің үстіне қарша боратты. Тас

кімге тисе де денесін тесіп өтіп жатты. Бір демде-ақ

әскерлердің көбісі қырылып қалды. «Піл жасағының»

қалғандары жан сауғалап, Йеменге қашты. Әбраханың

өзі де қайтар жолда өлді.

Қағба болса сол баяғы қалпында тұра берді.

Құрандағы «Піл» сүресі осы бір тарихи оқиғаны баян-

дауда

30

.

Қайсысы шейіт?

Әмір Темір Халеп қаласын басып алған кезде

көптеген мұсылмандардың қаны судай ақты. Соғыстан

кейін діндарларды шақыртып алған ол:

– Соғыс кезінде сіз бен бізден көп адам өлді.

Айтыңдаршы, кәне, осылардың қайсысы шейіт болды?

– деп сұрады.

Сонда Ибнушахнә орнынан тұрып:

– Сізден яки бізден өлуінің ешқандай мәні жоқ.

Кім Аллаһ тағаланың ұлы есімін асқақтату ниетімен

30

Ахбару Мекке (Мекке, 1994), 1/136-154; Әйюб Сабри Паша:

Мирату-л- Харамайн, 1-2/443-458; Әл- Камил фи-т- Тарих,

1/442-47.