165
Әулие-абыздар
– Әй, ұстаз! Сізді таба алмаулары менің құрметіме
бола емес, қайта шындықты тура айтқандығымыздан
болса керек. Өйткені шыншылдардың көмекшісі Аллаһ
тағала емес пе?! Егер жалған айтқанымда дердектетіп
сізді де, мені де алып кетер еді, – деген екен.
Харамнан сақтанғанды Аллаһ та
сақтайды
Тимур әулетінің басшыларынан Шахырух (779-
850) тұсында харам нәрселерден бойын аулақ салып,
алыс жүруімен танылған Нығметуллаһ деген өте
діндар бір кісі болыпты. Төмендегі жайт сол кісінің
осы мәселе төңірегіндегі зеректігін көрсетпек.
Шахырух бір күні құзырына сәлем бере келген
Нығметуллаһқа тиісе: «Естуімше, жіберілген сый-
сыяпаттан тартынбай жей беретін көрінесің. Сый-
сияпаттың арасында харамы болуы мүмкін екенін осы
уақытқа дейін білмегенің бе? Білсең соны ескермей
қалай жей бересің?», – деп сұрақ қойыпты.
Нығметуллаһ бұған:
«Бізге астың харам жағы емес, адал жағы ғана
бұйырады. Құл харам жемесем екен деп барынша ты-
рысса, Аллаһ та оған харам нәрсе жегізбейді. Мендегі
сыр – осы», – деп жауап беріпті.
Бұны естіген патша сөзін дәлелдемек болып,
қала шетінде жалғыз қозысын бағып жүрген әйелдің
қолындағы қозысын тартып алдыртады. Қозы бірден
сойылып, еті қазанға салынып, харам жемейтін
Нығметуллаһ әдейі қонаққа шақыртылады.