171
Таңдамалы әңгімелер
ұмытылған жағдайда Аллаһ тағаланың ол адамды бар
жақсылықтан мақұрым ғып, құр алақан қалдыруы дем-
де еді.
Айтқандай-ақ осы бір ақиқат шығайбай әлгі
сараңды өз ырқына бас идірді де. Көп өтпей-ақ ісі өрге
баспай, кетеуі кете бастаған үй иесінің базардағы сау-
да орнын сатуы да сол берекесі қашқан тірлігінің бір
көрінісі еді. Аз-ақ уақытта кедейленіп шыға келгені
соншалық, бір күндері нан таппайтындай жағдайға
қалай душар болғанын өзі де сезбей қалды.
Салы суға кетіп кешқұрым үйіне қайтқан ол
үйдегілерге: – «Болды енді, менен үміттеріңді
біржолата үзіңдер! Бүгін күні бойы нан алатын ақша
да таба алмадым. Қызым, бүгін сен одан да базарға ба-
рып өткен-кеткендерден біраз нан алатын ақша сұрап
қайт!», – дейді амалсыз.
Қызы қол жайып, қайыр сұрауға қанша арлан-
са да, шарасыздықтан қысыла-қымтырыла базардағы
бұрынғы дүкендерінің алында тұрып таныс біреу-міреу
кездесіп қалар ма екен деп күте бастады.
Сәлден кейін-ақ өзін байқаған әлгі дүкендегі кісі
келіп:
– Сенің бір қыжалатың бар секілді. Бұл жерде
кімді күтіп тұрсың? – деп сұрады.
Қыз лажсыздан бар шындықты жасырмай айтты:
– Шыны керек, нан алатын ақшамыз болмай,
қолыма бірдеме ұстатар таныс кісілер кездесіп қалар
ма деп тұрған жайым бар...
Әлгі кісі қолын бірден қалтасына салып біраз
ақша алып «мә, ала ғой» деді. «Сен бұған қалағаныңша
нан сатып ала аласың. Мен де сенің арқаңда Аллаһтың