177
Таңдамалы әңгімелер
Сөйтті де оған жақындап: «Әй, саудагер! Менің
сағатымды да, сенің мына балықтарыңды да ешкім
алар емес. Кел, одан да екі балығыңды менің сағатыма
айырбаста», – дейді. Айғайлай-айғайлай алушы тап-
пай тамағы ауырған саудагер де екі сөзге келместен,
екі балығын сағатқа айырбастап тез үйіне қайтқанды
жөн көрді. Бұл жолы үйіне қуанып келген күйеуі әлгі
балықтардың біреуін пісірмек болып жарғанда ішінен
жарқыраған жақұт шыға келді. Бұны көргенде кедей
байғұстың есі шыға қуанды. Дереу әйелі екеуі зергер-
ге барып көрсетеді. Зергер бұл жақұттың өте бағалы
екенін, егер дәл қазір сатса он төрт мың дирхәмға алуға
әзір екендігін айтады. Аллаһ оларды аяқ асты мол
несібеге бөлеп қиыншылықтан құтқарды. Зергерге әлгі
жақұтты он төрт мың дирхәмға сатқан күйі үйлеріне
құстай ұшты. Әп-сәтте-ақ үй ішінде шаттық орнады.
Бәрі отырып Аллаһ тағалаға шүкір айтысты.
Дәл осы кезде есік алдына бір қайыршы келді.
Әлгі қайыршы бұларға қарап: «Ей, мейірімді жандар!
Аллаһ тағала сендерге нәсіп еткен нәрседен маған да
беріңдер?», – деп жалынды.
Бұны естігенде күйеуі бірден далағажүгірешыққан
күйі: «Біздің бірнеше күннен бері аш отырғанымызды
көрген Аллаһ бізге аяқасты он төрт мың дирхәм нәсіп
етті. Ақыры Аллаһ тағаланың разылығы үшін сұрап
тұрсаң, мен саған сол ақшаның тең жартысын әкеп
берейін. Қазір келем, тұра тұр», – деп үйге кіріп кет-
кен еді. Айтқандай жарты ақшасын алып есік ал-
дына шыққанда, үй иесі жаңа ғана өзін күтіп тұрған
қайыршыны таппай қалды. Әрі-бері қайыршыны іздеді.
Ұшты-күйлі жоқ. Үйіне келді. Неше күнгі аштық ұмыт