

179
Таңдамалы әңгімелер
Алайда бақша күзетшісінің әйелі ажарлы ғана
емес, ар-ұятты білетін өте ақылды да еді. Әйел бірден
ханның жаман пиғылын сезеді. Есікті жаппақ болып
кеткендей бір ағаштың артында сәл тұрып келгеннен
кейін ханға қарап:
– Хан-еке! Есіктердің бәрін де жаптым, алайда
бір есікті жабуға әлім келер емес. Қанша тырыссам да
жаба алмадым, – депті.
Хан:
– Ол қай есік? – деп сұрапты таңырқап.
Сонда дәл осы ұрымтал тұсты күтіп тұрған әйел
оған:
– Ол есік – Аллаһ тағаланың өз құлдарының не
істеп, не қойып жатқандарын түгел көріп тұратын «Ба-
сир» (көруші) есігі еді, – депті ханды ойлантпақ ниет-
пен.
Бұны естігенде төбесінен біреу қос қолдап тұрып
бір қойғандай, есін жиып ала қойған хан дереу әйелден
кешірім сұрап, Аллаһ тағаланың алдында тәубаға
келіпті. Екінші рет ондай жаман ойға бармас үшін де-
реу Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарының біреуінің
қасына барып, имани ислами дәрістер ала бастап-
ты. Көп өтпей-ақ әлгі хан Аллаһ тағаланың сүйікті
құлдарының қатарына қосылса керек.
Енжарлықтың емі
Ертеде бір ханның жар дегенде жалғыз баласы бо-
лыпты. Хан баласы туғаннан не ішем, не кием демеген-
мен сондай бір еңсесін басқан көңілсіздік пен өмірге
деген енжарлықтан арыла алмаса керек. Баласының
қашан болсын салғырттығымен бойкүйездігін байқаған