176
Тағылым тамшылары
зарлы еді. Қайыршы өткен-кеткенге қол созған күйі: –
Аллаһ разылығы мен Пайғамбар сүйіспеншілігі үшін
қолымды бос қайтармағайсыздар! Маған көмектесу
арқылы Аллаһ тағаланың мейіріміне қол жеткізгісі
келетін адам жоқ па? Өте бір мұқтаж жанмын, – деп
тынбастан жалына дауыстап тұрды.
Әлгінің сөздеріне шыдай алмай, көп ойланбай-ақ
қалтасындағыорамал сатып тапқан екі дирхәмақшаның
бәрін әлгі қайыршының қолына ұстатып кете барды.
Алайда беруін берсе де нағыз қиямет-қайым енді ба-
сталды. Өйткені, өз бала-шағасының аш отырғаны
анау. Алдынан әйелі шыққанда не айтарын ойлағанда,
екі беті дуылдап, демі құритындай сезінді. Не болса да
көре жатармыз деген оймен алдымен мешітке соғып
намаз оқыды. Мешіттен шығып үйіне беттеді. Әкелері
кешіккен сайын тіске татыр бірдеңе әкеле жатқан болар
деп үйдегілердің де үміті арта түскен. Ішке кіргенде
бәрі жәутеңдей бұның қолына қарасты. Әкелері басын
төмен салбыратқан күйі болған жайдың бәрін әйеліне
жасырмай айтты. Әйелі күйеуін тыңдап болған соң:
«Е, бопты. Бар ақшамыз Аллаһ жолында кетсе, қайта
Аллаһ оны еселеп қайтарар. Ол асқан жомарт емес пе?
Не де болса дұрыс істепсің», – деді қашанғы сабырлы,
тақуа әдетіне басып.
Таң атқанда әйелі күйеуіне бұл жолы төркіні
сыйлаған сағатты берді. «Ал енді осыны сат та, үйге
азық болар бірдеңелер әкел», – деді.
Күйеуі сағатты алып базарда қас қарайғанша тұрса
да, сағатты сұраған жан болмайды. Үйіне бос қайтуға
қысылып тұрғанда қолындағы соңғы балықтарын дәл
өзі секілді өткізе алмай тұрған балықшыны көреді.