172
Тағылым тамшылары
өзіме жасаған жақсылығына аз да болса шүкіршілігімді
өтеген болып саналамын», – деді.
Қыздың манадан бері бір қолын артына жасырып,
берген бір уыс ақшаны да бір-ақ қолымен алғаны әлгі
кісіні таңдандырмай қоймады. Сол сол-ақ екен:
– Қолыңда жара болса, айт, емдетіп берейін. Неге
артыңа көрсетпей жасырып тұрсың? Аллаһ маған көп
нығмет-несібе бергені үшін менің де шүкіршілік етіп
басқаларға жақсылық жасауым керек емес пе? – деді.
Қолы жайлы қыз қанша айтқысы келмей
тартыншақтағанымен, әлгі кісі сұрап тұрып алғаннан
кейін айтуды жөн көрді.
– Кезінде мен бір пақырға нан берген едім. Әкем
әлгі байғұстан «нанды қайдан алдың» деп сұраса ол
біздің үйді көрсетіпті. Әкем қатты ашуланып, үйге келе
сала нан берген қолың осы болса деп менің қолымды
таяқпен ұрып, өстіп мүгедек қылып тастады. Көрсетуге
ұялатындықтан, ел бетіне көрінбей үйде отырамын деп
күйеуге де шықпай қалған жайым бар...
Әлгі кісі қыздың айтқандарын ести сала бар көрші-
қолаңын шақырып айғай салады.
– Әй, көршілер! Келіңдер, мен өз қиялымдағы ақ
жүректі аруды енді таптым. Ол, міне, алдарыңда тұр.
Сендер де менің бұл ісіме куә болыңдар!
Сөйтеді де аң-таң болып тұрған қызға болған жай-
ды әңгімелеп түсіндіре бастайды:
– Кезінде сенен нан сұраған бейбақ мен едім. Мен
ол кездері елдің жүгін тасып күнелтетін кедей бір
жұмысшы едім. Демек, қолыңның сынғанына мен се-
беп болған екем. Енді, сенің тұрмыс құра алмағаныңа
да себеп болғанымжарамас. Бұған Аллаһ тағала да разы