173
Таңдамалы әңгімелер
бола қоймас. Сені көргенде іштей ұнатып қалғаным
да рас. Маған нан берген қызға қатты ұқсайды екен
деп қадала қарап қалған едім. Қателеспеген де екем.
Әкең шүкіршілік етпегендіктен, қолындағы барынан
айрылып қалды. Ал керісінше оның айрылып қалған
байлығын Аллаһ тағала маған нәсіп етті. Мен ондай
шүкіршілікті білмейтін адам емеспін. Кел, екеуміз
одан да некемізді қиғызып, отау құрайық. Әкеңді де
қиыншылықтан құтқарармыз.
Екеуі бірге қол ұстасқан күйі қыздың әкесіне
көмектеспек ниетпен жолға шығады...
«Шүкір етсеңдер, ырыс-несібемді молай-
та түсемін. Ал шүкіршілікті ұмытсаңдар,
қолдарыңдағынығметімді аламын дашүкіршілігі бар
басқаларға нәсіп етемін. Шүкіршілік етпегендерді
әрі қатты азапқа ұшыратамын...»
(Құран Кәрім,
14/7)
Тәубаға келген күйеу
Мұсылманшылықты берік ұстанған иман жүзді
әйелдің керісінше діннен мүлдем хабарсыз әрі екіжүзді
пасық күйеуі бар еді. Әлгі діндар әйел қай істі баста-
са да «бисмиллаһ» деп барып қана бастайтын. Ал
күйеуі оның бұнысына қатты ашуланатын. Сол үшін
де әйеліне көрсетпеген қорлығы жоқ еді. Әйелі байғұс
күйеуінен көрген құқайларға барынша сабыр ететін де
тек қана Аллаһқа күндіз-түні дұға етіп, күйеуін тура
жолға түсіруді тілейтін.
Қабағынан қар жауған күйеуі бір күні тағы да қатты
ашуланды. Әйелін осы жолы да ебін тауып шықпыртып
алмақ болғандықтан, өзінше оған себеп іздей бастады.