178
Тағылым тамшылары
болып, шұрқыраған балалардың да іштеріне ел қонып,
қолға да көп ақша түскендіктен, отбасының бүгінгі
қуанышы шексіз еді.
Сол күні түнде үй иесі түсінде әлгі есік алдына
келіп жоқ болып кеткен қайыршыны көрді. Одан неге
күтпей кетіп қалғандығын сұрады. Сонда ол:
«Мен жай бір қайыршы емес, Аллаһ тағала тара-
пынан сені сынауға жіберілген періште едім. Кешегі
орамал сатып тапқан екі дирхамыңды да сен көзің
қиып, бала-шағаңның аузынан жырып маған бергенсің.
Сол күнгі жақсылыққұмарлығың мен ақ пейілің үшін
Аллаһ тағала саған жақұт сыйлады. Ең соңғы рет тағы
сынады. Мен қайыршы кейпінде есігіңнің алдына қайта
келдім. Ал сен болсаң дархандығыңа тағыда тәнті еттің.
«Аллаһ разылығы үшін» дегенде жаныңды да болса
беруге пейіл екендігіңді көрсеткендіктен, Аллаһ тағала
сенің осы бір екінші жомарттығың үшін о дүниеде
Жұмағын сыйға тартпақ. Аллаһ разылығын тілеп, неге
де болса бара алатын сен секілді мұсылмандар не деген
бақытты десеңші?!..», – деп жауап қайырыпты.
Жабылмайтын жалғыз есік
Бұрынырақта өмір сүрген бір ханның әдемі
бақшасы болса керек. Небір алуан түрлі хош иісті
гүлдерге толы бұл бақшаға бір күні хан келіпті. Өйткені
бақша күзетшісінің әйелі ажарлы екен. Келе сала бақша
күзетшісін бір жұмысты сылтауратып жұмсап жіберіп,
хан бірден оның әйеліне көзін қадап:
– Бар да бақшаның барлық есіктерін жауып кел.
Бір де бір есік ашық қалмасын, – дейді.