184
Тағылым тамшылары
ризашылығын алып отырғайсың, сонда ол да сенің
алдыңда құлыңдай құрақ ұшатын болады. Сен оны
сыйлаған сайын ол да сені жақсы көріп қалағаныңды
істейтін болады.
Мен саған қазір он өсиет айтайын, егер сен олар-
ды бұлжытпай орындайтын болсаң күйеуіңмен ара-
қатынасыңда мін болмайды:
Үйге ішіп-жейтін не әкелсе де шын жүрекпен
қабыл ал, қанағат иесі бол.
Не істе десе, соны істе, тыйым салған нәрселеріне
жолама.
Үй ішін де, үсті-басыңды да таза ұста.
Күйеуіңежақсыкөрінуге тырыс,жақсыиістеріңнен
себіне жүр. Ол сенен тыжырынбайтын болсын.
Ұйықтайтын, тамақтанатын кездерін жақсы
біл. Ол бұларды қай уақыттарда жасайтын болса сен
сол уақыттарда тамағын әзірлеп, төсегін салып қой.
Өйткені аштық пен ұйқысыздықтан барып адам ашу
шақырғыш келеді.
Күйеуіңнің дүниесін көзіңнің қарашығындай
сақта, ысырапшылдыққа жол берме.
Оның абыройын ойла, тума-туыстарына да
құрметпен қара.
Оған қарсы шығушы болма.
Күйеуіңнің сырын елге жайма. Қарсы шықсаң,
саған деген өшпенділігі оянады, ал сырын елге жайсаң,
қиянаттан көз ашпайтын боласың.
Күйеуің қайғырып отырғанда – сен қуанышты
болма, күйеуің қуанышты кезде – сен қайғырма»
31
.
31
Ө. Рыза Кәһһала, Аламун-Ниса, 1/75; Меһмед Зихни,
Мәшахирун-Ниса