Previous Page  188 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 188 / 208 Next Page
Page Background

188

Тағылым тамшылары

Қали аға балаларына ренішпен көз тастады.

– Егер бұл ниеттеріңнен қайтпасаңдар, бәрінен

де қағыласыңдар, балам. Мен неше жылдан бері зәру

адамдарға қанша көмектесіп келемін, еш қыжалат

тартқан емеспін. Көрші ақысы деген болады, бұны

ұмытпаңдар! Уысың ашық болған сайын ырысың арта

түспесе, кемімейді...

Әкелерін оңай көндіре алмайтындықтарын білген

балалары орындарынан тұра жөнелісті. Қали аға жылы

жымиған қалпы қасында отырған кішкене Ермектің

басынан сипап:

– Сен оларға ұқсама, балам, – деді. Береген қол

– алаған қолдан қашанда жоғары тұрады. Осыны

ұмытпа!

Жиын-терін басталған күні Қали ағаның бақшасы

мерекеге бөленетін. Жеміс алғысы келген ауыл адам-

дары Қали ағаның көмегіне зыр жүгіріседі. Балалар да

жерге түскен жемістерді жинасып, тоя жеп мәз болы-

сатын.

Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Мұң-

мұқтажға қай кезде де қол ұшын созуға дайын Қали

аға кенеттен ауырып, сол қыс қайтыс болды.

Бақша мен егін күтімі енді балаларына қалды.

Бір күні ең үлкен ағасы барлық інілерін шақырып

алып былай деп сөз бастады:

– Әкеміздің

жіберген

қателігін

біз

енді

қайталамайық. Маңдай терімізді төгіп, аянбай жұмыс

істейік. Сөйтейік те, елге бір тиын да татырмастан сол

күйі өзіміз ғана пайдаланайық, міне, сонда ғана шіреп

баюға болады!