186
Тағылым тамшылары
Таңғала әкесінен сұрады:
– Онда топырақ та, су да нығмет екен ғой, иә?
Әкесі күліп, оның шашынан сипады.
– Әрине, балам, – деді сосын, – дәл солай!
Егіс алқабына да жетті. Қали аға дән салынған
қаптарды мәшинеден түсіріп, соқаны әзірледі.
Кішкене Ермек болса, алда қандай іс күтіп тұрғанын
тағатсыздана тосты.
– Мен де дән егейінші, әке! Еккен дәндерімнің
өскенін көріп қуанатын боламын!
– Әрине, егесің, – деді әкесі. – Бірақ бірден емес.
Егілген дән берекетті болу үшін алдымен дұға оқып,
бет сипау керек. Сен бар да көлеңкеде кішкене дем ала
ғой, мен екі бас намаз оқып, дұға жасайын. Содан кейін
бастаймыз.
Ермек көлеңкеге барып отырды. Бүгін көп нәрсе
үйренгенін айтсайшы! Әкесімен бірге егіс алқабына
келгені мұндай жақсы болар ма?! «Ағаларым да кел-
генде ғой, шіркін!» деп ойлады. Бірақ артынша «Олар
менен үлкен ғой, мен білетін нәрселерді онсыз да
білетін шығар» деп жұбатты өз-өзін іштей.
Әкесі намазын оқып болып, қол жайып күбірлеп
дұға оқып отыр. Бір мезет Ермектің есіне әлдене
түскендей селт етіп «Әкем осы дұға оқығанда не айта-
ды екен?» деген қызықты ой қылаң ете қалды. Қасына
барып ол да тізе бүкті. Күбірлеп айтылғандардың бәрі
естіліп-ақ жатыр:
« – Я, Аллаһ тағала! Жерді де, көкті де, тауды да, та-
сты да, не нәрсе болсын бәрін жоқтан жаратқан сенсің.
Мен болсам – сенің әлсіз, дәрменсіз ғана құлыңмын.
Қазір топыраққа егейін деп отырған дәндерімді сенің